Accessibility links

Беларусь режимі "Настоящее времяның" сайты мен парақшаларын "экстремистік" деп таныды


Беларусь билігі "Настоящее время" телеарнасының сайты мен желідегі парақшаларын "экстремистік" деп таныды. Бұл шешімді Витебск қаласындағы сот 5 қаңтарда шығарған. Ақпарат Беларусь ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Сот "Настоящее время", "Настоящее Время. Азия", "Настоящее Время. Док", "Настоящее Время. Беларусь", "Настоящее Время. Сюжеты", "Настоящее Время. Балтия" жобаларын да "экстремистік" деп таныды.

"Настоящее времядан" бөлек Беларусь режимі бірнеше телеграм-каналды да "экстремистік" деп тапты.

"Настоящее Время" — Азат Еуропа/Азаттық радиосы мен "Америка дауысы" бірігіп құрған телеарна. Телеарнаны АҚШ конгресі гранттар арқылы қаржыландырады.

"Настоящее время" миссиясы – демократиялық құндылықтар мен адам құқығын алға жылдыту. Бұл телеарна орыс тілінде негізінен Ресей, Украина, Орталық Азия және Барыс Еуропаға хабар таратады.

2021 жылы Беларусь ішкі істер министрлігі Азаттықтың Беларусь қызметін "экстремистік" деп таныған. 2021 жылы Азаттықтың Беларусь қызметі "режим "экстремистік" деп танылған ресурстарға жазылған адамдарды жазаға тартуы мүмкін" деп жазған.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының 2023 жылғы Сөз бостанлығы индексінде Беларусь 180 елдің ішінде 157-орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG