Accessibility links

Қазақстан 2023 жылы Ресей арқылы Германияға 993 мың тонна мұнай тасымалдаған


2023 жылы қаңтар мен қараша арасында Қазақстан Ресейдің "Транснефть" компаниясының жүйесімен Адамов пункті арқылы Германияға 993 мың тонна мұнай жеткізген. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" мұнай-газ компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның хабарына қарағанда, "ҚазТрансОйл" ұлттық операторы Ресей арқылы Қазақстаннан Германияға 1,2 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан энергетика министрлігі басында ресейлік компанияның магистралы арқылы 2023 жылы Германияға 1,2 млн тонна жіберетіндерін айтқан еді. Ал былтыр тамызда Қазақстанның энергетика министрінің орынбасары Асхан Хасенов Ресейде өткен энергетика форумы кезінде "Германияға 2023 жылы 900 тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отырмыз" деген.

Былтыр маусым айында Еуропа одағы Ресейдің "Дружба" мұнай құбырының солтүстік жолымен Германияға және Польшаға мұнай жіберуге тыйым салған. Бірақ солтүстік жол арқылы үшінші елдерден, соның ішінде Қазақстаннан мұнай тасымалдауға рұқсат берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG