Accessibility links

Ресейде бала туу көрсеткіші 1991 жылдан бергі ең төмен деңгейге түсті


2023 жылы Ресейде бала туу көрсеткіші СССР құлағалы бері ең төмен деңгейге түсті. Бұл жөнінде Росстат деректеріне сүйенген демограф Алексей Ракша хабарлады. Оның есебінше, былтыр Ресейде 1,213 млн бала дүниеге келген. Бұл дерекке аннексияланған Қырым мен статистикасы әзірге жарияланбаған Шешенстан енбеген.

Бұған дейін ең төмен көрсеткіш 1999 жыл болған. Ол кезде 1,215 млн бала дүниеге келген.

2023 жылы Ресей тұрғындарының өмір сұру ұзақтығы шамамен 73,5 жас болған. Бұл алдыңғы жылдардан қарағанда жоғары көрсеткіш. Ракша бұл статистикаға соғыстағы 30-40 пайыз адам өлімі енбей қалған болуы ықтимал, ол өмір сүру ұзақтығын (әсіресе ерлердің) "ондаған жылға" төмендетер еді деп санайды.

Ресей демографтары бұрын да бала туу көрсеткіші төмендей беретінін болжаған. Ресей әлеуметтік қоры былтыр күзде 2023 жылы елде - 1,245 млн, 2024 жылы - 1,172 млн, 2025 жылы — 1,153 млн, 2026 — 1,143 млн бала туылады деп болжаған.

  • Ресей билігі бала туу көрсеткіші төмендеуі мәселесін жиі талқыға салады. "Демографияны көтеру үшін" олар түсік жасату мен контрацепцияны шектеу туралы да ұсыныс айтқан. Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко әйелдердің бала жөнінде ойлаудан бұрын әуелі білім алып, материалдық жағдайды түзетуге деген ұмтылысын "зиянды практика" деп атаған.
XS
SM
MD
LG