Accessibility links

Гипердыбыстық X-59 ұшағы алғаш рет көпке таныстырылды


Х-59 ұшағы.
Х-59 ұшағы.

NASA және Lockheed Martin компаниясы 12 қаңтарда тәжірибелік гипердыбыстық X-59 Quesst ұшағын ресми түрде таныстырды. Калифорнияның Палмдейл қаласында өткен презентация Америка аэроғарыш агенттігінің YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Ұшақтың басты ерекшелігі – барынша сүйір жасалған ұшақтың әлдеқайда аз дыбыс шығаратындығында. Ұшқыш кабинасы фюзеляждың ортасына таман орналасқан. Ұшақтың алдыңғы терезесі жоқ, есесіне терезе бүйір жағында. Ал төбені жоғары кескін ажыратымдылығы бар теңдессіз мониторлар көрсетіп тұрады.

1973 жылы авиация федералдық басқармасы жылдам ұшатын, қатты дыбыс шығаратын әскери емес ұшақтардың ұшуына тыйым салған. 50 жыл бұрынғы тыйымның заңнамалық тұрғыда шешімі заң болса, технологиялық шешімі осы X-59 болуға тиіс, деп жазды "Америка дауысы" сайты. Ұшақ елді мекендер төбесінен ұшып, тұрғындардың реакциясы зерттелуі керек. Тек содан кейін NASA коммерциялық ұшуға рұқсат алу үшін деректерді реттеуші органдарға (атап айтқанда азаматтық авиация федералдық басқармасы) жібереді.

XS
SM
MD
LG