Accessibility links

Ресей Украина жағында соғысып жүрген "Газпромбанктің" бұрынғы жетекшісіне іздеу жариялады


Игорь Волобуев.
Игорь Волобуев.

Ресей Украина жағында соғысып жүрген "Газпромбанктің" бұрынғы вице-президенті Игорь Волобуевқа іздеу жариялады.

Волобуев "Газпромбанкқа" 16 жыл баспасөз хатшы болып істеген. Ол Ресейден 2022 жылдың басында кетіп, Украина әскеріне ерікті болып қосылған.

Волобуев – Ресей азаматы, алайда Украинада дүниеге келген және 18 жасқа дейін сонда тұрған.

Ол өткен айда Украина күштерінің халықаралық легионында жүргенін айтқан. Бұл легионның құрамында Ресей еріктілер корпусы мен Ресей еркіндігі ұйымы да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG