Accessibility links

Дания патшайымы өз еркімен тағын мұрагеріне табыстады


Алтын пәуескеге мінген Дания патшайымының тақтан бас тарту үшін парламентке бара жатқан сәті. Копенгаген, 14 қаңтар 2024 жыл
Алтын пәуескеге мінген Дания патшайымының тақтан бас тарту үшін парламентке бара жатқан сәті. Копенгаген, 14 қаңтар 2024 жыл

Жексенбі, 14 қаңтарда Дания астанасы Копенгаген қаласында Маргрете ІІ патшайымы тағын өз ұлы әрі мұрагері Фредерикке салтанатпен тапсырды.

Дания патшайымы жаңа жылдағы телеүндеуінде тағынан бас тартатынын хабарлаған еді.

Осылайша 900 жылда Дания монархы алғаш рет тақтан бас тартып отыр.

1972 жылы таққа отырған Маргрете II 83 жаста. Ол Британия патшайымы Елизаветадан кейін тақта көп отырған Еуропа монархы саналады.

Гвардиялық гусар полкінің атты әскері қоршаған патшайымның алтын пәуескесі парламентке келген. Маргрете ІІ сол жерде тақтан бас тартатыны жөнінде құжатқа қол қойған. Салтанатты рәсімді тамашалау үшін көшеге мыңдаған адам шыққан.

Дания монархының қолында билік жоқ, ішкі саясатқа араласпайды. Елдің саяси бағытын парламент тағайындаған үкімет белгілейді.

Данияның 55 жастағы жаңа королі таққа Фредерик Х деген атпен отырады. Анасы секілді ол да шартты түрде немістің Глюксбург әулетінің жалғасы екенін білдіреді. Бірақ жаңа король әке жағынан француздың Лаборд де Монпеза графының ұрпағы саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG