Accessibility links

Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - бас штаб бастығын тағайындады


Сұлтан Камалитденов
Сұлтан Камалитденов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сұлтан Камалитденов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - бас штаб бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

Ал Марат Құсайынов бұл қызметтен босатылған.

Сұлтан Камалитденов 2021 жылдың қараша айынан бастап қорғаныс министрінің орынбасары болған. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін атқарды. Жақында университеттің атауынан Назарбаев түсіп қалды.

Тоқаевтың өзге де жарлығымен Русланбек Бекжігітов қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушілігінен босатылған. Бекжігітов бұл лауазымға 2022 жылы мамырда тағайындалған.

Өткен аптада Тоқаев арнаулы операция күштерінің басшылығына Айдос Мырзахметовті тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG