Accessibility links

Ресейдің Новосибирск қаласында көп қабатты ондаған үй жылусыз қалған


"Ресейдің Новосибирск қаласында көп қабатты ондаған үй қыс ортасында төрт күннен бері жылусыз отыр" деп хабарлайды Азаттықтың Сибирь.Реалии жобасы. Температура далада күндіз -15, түнде -20 градусты көрсеткен.

1974 жылы салынған, пайдалану мерзімі 20 жыл бұрын біткен жылу құбыры жарылған. 11 қаңтарда "құбыр жөнделді" деген ақпарат тарағанымен, көп үйге әлі күнге жылу жетпеген.

"Пәтерімізде температура 14 градус болып тұр. Қайда хабарлассақ та мардымды жауап бермейді" дейді тұрғындардың бірі "Сибирь.Реалии" сайтына.

Былтыр Қазақстанның да бірнеше қаласында құбыр жарылып, ондаған үй қыс кезнде жылусыз қалған еді. Ресми орындар "жылу қазандықтарының тозғанын" мәлімдеген болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG