Accessibility links

Кейінгі жылдары Ресейде "алкогольге тәуелділер" күрт көбейген


Ресейде кейінгі он жылда "алкогольге тәуелділік" диагнозы қойылған адамдар саны артқан. Мұны Росстаттың есебінен байқауға болады.

Ведомствоның мәліметінше, 2010-2021 жылдары араққа тәуелділік диагнозы қойылғандар жүз мыңға (153,9 мыңнан 53,3 мыңға) азайған. Бірақ 2022 жылы дәрігерлер 54,2 мың адамға алкоголизм диагнозын қойған.

Сарапшылар "Комменсанть" басылымына араққа салынғандардың өсуіне пандемия, әлеуметтік-экономикалық жағдай және "геосаяси қақтығыстардың күшейгені" себеп екенін айтқан. 2022 жылы Ресей Украинаға басқыншылық соғысын бастаған еді. Сол жылы қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин мобилизация жариялаған. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы пандемия кезінде "коронавирус стресінен алкоголь ішу тренді қайда өсе бастағанын" мәлімдеген.

"Коммерсантьқа" сұхбат берген сарапшылар Росстат статистикасына мемлекеттік наркодиспансерлерге қайырылғандар ғана кіргенін айтады.

"Кейінгі кезде мемлекеттік емес мекемелерге аты-жөнін айтпай хабарласатын адамдардың саны артқан. Олар мемлекеттік статистикаға енбейді" деген Қазан мемлекеттік медуниверситетінің қызметкері Владимир Менделевич.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG