Accessibility links

Қолына "100 күн. 7/10" белгісін таққаны үшін Түркия Израиль футболшысын қамауға алған


Сагив Йехезкель в повязке, 14 января 2024 года
Сагив Йехезкель в повязке, 14 января 2024 года

Түркияның "Антальяспор" клубының ойыншысы, Израиль футболшысы Сагив Йехезкелдің үстінен қолына ХАМАС-тың Израильге шабуылын меңзейтін "100 күн, 07/10" белгісін таққаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Мұны Түркия әділет министрі Йылмаз Тунч жариялады.

Қылмыстық іс "араздық, жеккөрушілік туғызу" туралы баппен қозғалған. Түрік БАҚ-тарының мәліметіне қарағанда, Йехезкель амауға алынған.

28 жастағы футболшы "Трабзонспор" командасына гол соққан сәтте қолындағы жазуды көрсетіп, қуанғанын білдірген. Ондағы жазу АҚШ пен Еуропа одағы террор ұйым санатына қосқан ХАМАС тобының Израильге шабуыл жасаған уақытын еске түсіреді. Израиль мәліметіне қарағанда, ХАМАС одан беріде 130-дан астам аадамды кепілде ұстап отыр. Оған жауап ретінде Израиль ХАМАС-ты жоюға уәде беріпі, осы топтың бақылауындағы Газа секторына жойқын соққы беруді бастаған.

Тунчтың пікіріне қарағанда, Йехезкель өз әрекеті арқылы "Израильдің Газада ойран салып жатқанын құптайтынын білдірген". Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Израильді әлденеше рет "террор мемлекет" деп атаған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG