Accessibility links

Қазақстан биыл бес ел қатысатын ауқымды әскери жаттығу өткізуді көздеп отыр


Биыл Қазақстан өз жерінде бес мемлекеттің қатысатын ірі көлемде әскери жаттығу өткізуді дайындалып жатыр. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 15 қаңтарда қорғаныс министрлігінде өткен кездесуде айтты.

"Бізге Орталық Азия аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бауырлас елдер мен олардың қарулы күштерімен арада достық қатынасты сақтау өте маңызды",- деген Жақсылықовтың сөзін қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған.

Министрдің сөзіне қарағанда, биыл Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттері мен Қазақстанның "Батыс" аймақтық қолбасшылығының арнаулы операциялар бойынша күштері, әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштерінің қатысатын "Бірлестік" деп аталатын жаттығу өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG