Accessibility links

Башқұртстанда экобелсенділерді жаппай ұстап жатыр


Экобелсенді Фаил Алсыновты қолдау акциясы. Баймак соты ғимараты, 15 қаңтар, 2024 жыл.
Экобелсенді Фаил Алсыновты қолдау акциясы. Баймак соты ғимараты, 15 қаңтар, 2024 жыл.

Башқұртстанда Құштау тауын қорғаушы Фаил Алсыновқа сот үкімі шығар алдында құқық қорғау органдары оған қолдау білдіріп жатқан экобелсенділерді жаппай ұстап жатыр.

Idel.Реалии басылымының мәліметінше, ұсталғандардың арасында "Башқұрт" ұйымының бұрынғы басшысы Илнар Галин, Құштау белсендісі Юлай Аралбаев, Рафаил Әбдірахманов, Фанзиль Ахметшин бар. Полиция сонымен бірге былтыр шабуылға ұшыраған Илдар Юмагуловты да ұстаған.

17 қаңтарда Құштау қорғаушыларының бірі Фаил Алсыновқа сот үкімі шығуы тиіс. Ол жеккөрушілік пен араздықты қоздырды деп айыпталып жатыр. Тергеу мәліметінше, ол сөзінде "Кавказ, Орта Азия тұрғындары мен армяндарды" кемсіткен. Белсенді мұны теріске шығарады.

Алсынов "Башқұрт" ұйымын басқарған. Бұл ұйымды 2020 жылы Ресей билігі экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

"Құштау Байрам" телеграм-каналының жазуынша, қазір республикада WhatsApp мессенджері жұмыс істемей тұр.

2018 жылы Құштау тауын "Башқұрт сода компаниясына" әк қазу мақсатында берген. Бұл шешімге жергілікті тұрғындар қарсы шыққан. Осыдан кейін көптеген белсенді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG