Қашаған кенішін игеруші шетелдік компаниялар Қазақстан билігімен 5 миллиард долларлық айыппұл бойынша келісімге келуге жақын. Бұл жөнінде Bloomberg жазды.
Былтыр Қазақстан билігі Қашағанды игеруші North Caspian Operating Company-дың қоршаған ортаға шығарған күкірт мөлшері шамадан тыс болып кеткенін алға тартып, халықаралық соттан 2,3 трлн. теңге (шамамен $5 млрд) көлемінде айыппұл салуды талап еткен. Айыппен келіспеген оператор сотта жеңіп, компаниялар халықаралық арбитражға қайырылуға дайын екенін мәлімдеген. Алайда Қазақстан үкіметі олармен дауды бейбіт жолмен келісуді ұсынған еді.
Bloomberg-тің жазуынша, консорциум, арасында Eni, Shell, Exxon Mobil и Total да бар, қазақ үкіметімен келісім жобасын әзірлеген. Оған сәйкес алдағы екі жылда әлеуметтік жобаларға 110 млн доллар қаражат бөлінбек.
Келісімнің қазіргі нұсқасында сонымен бірге кен орнын игеруші операторды күкірт көлемін азайтуға міндеттеу туралы норма да бар.
Қазақстан билігі әзірге мақаладағы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.
Былтыр Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дауға не түрткі болғанын түсіндірмеген еді.
Каспий қайраңында, Атыраудан 80 шақырым жерде орналасқан Қашаған кен орны North Caspian Operating Company компаниясына қарайды. Консорциум америкалық Shell, Exxon Mobil, қазақстандық "ҚазМұнайГаз", еуропалық Eni және Total компанияларынан құралған. Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылы басталды. Ресми дерек бойынша, кен қоры – 4,8 млрд тонна, жоба операторының мәліметінше, 6 млрд тонна.
ПІКІРЛЕР