Accessibility links

Қытайда қатарынан екі жыл халық саны қысқарған


Қытайда қатарынан екі жыл халық саны қысқарды, оның экономика дамуына ұзақ әсері бар, деп жазды Reuters агенттігі.

Қытай ұлттық бюро статистикасының мәліметінше, 2023 жылы Қытай халқының жалпы саны 2,08 миллионға (0,15 процент) қысқарып, 1,409 миллиард болған. 2022 жылы халық саны 850 мыңға азайған еді. Мұндай көрсеткіш "Ұлы қытай аштығы" аяқталған кезең –1961 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Былтыр жыл басында Қытайда қатаң шаралар алынғаннан кейін коронавирустан қайтыс болғандар күрт көбейген. Reuters-тің жазуынша, былтыр елде адам өлімі 6,6 пайызға өсіп, бір жылда 11,1 млн адам өлген. Бұл 1974 жылдан бергі ең жоғары адам өлімі көрсеткіші.

2023 жылы елде бала туу көрсеткіші 5,7 пайызға азайған – 9,02 млн бала дүниеге келген. Бала күтіміне қажет шығынның көптігі көптеген Қытай ерлі-зайыптыларына бала өсіруге мүмкіндік бермей отыр. Ал еңбек нарығындағы бұлыңғыр жағдайлар қытай әйелдеріне карьерада үзіліс жасауға жол бермейді, деп жазады Reuters.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Қытай халқының саны 2050 жылға қарай 109 миллионға азаяды.

2035 жылға қарай елде зейнет жасындағы адамдардың саны (60-тан асқандар) 280 миллионнан 400 миллионға көбеймек. Қытай ғылым академиясының болжамынша, 2035 жылға қарай елдің зейнетақы жүйесінің ақшасы сарқылуы ықтимал.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG