Accessibility links

Конгресс үкіметті уақытша қолдау туралы заң жобасын қабылдады


Өкілдер палатасы 18 қаңтарда наурыз айына дейін федералдық үкіметті қаржыландыру туралы уақытша заң жобасын мақұлдады. Осылайша үкіметтің жартылай жабылуына жол берген жоқ. 314 конгресмен заң жобасын қолдап дауыс берген, 108 конгресмен қарсы болған. Бейсенбі күні сәл ертерек құжатты сенат мақұлдаған. Сенатта 77 адам қолдаған, 18 адам қарсы дауыс берген.

Басым көпшілігі демократтардан құралған сенат пен республикашылдардың бақылауындағы өкілдер палатасы үкіметті қаржыландыру бойынша негізгі міндеттерін орындауды қатты кешеуілдетіп келеді, деп жазды "Америка дауысы" сайты. Қаржылық жыл 1 қазанда басталған.

Үкіметті қаржыландыру туралы үшінші уақытша заң жобасы өткен жылдың шығындарын төлеу мерзімін 1 және 8 наурызға дейін созуға мүмкіндік береді.

Дауыс беру қарсаңында демократтардың өкілі Джош Готтхаймер үкіметтік мекемелер жабылған жағдайда оның салдары болатынын ескерткен. Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы алатын ардагерлердің жағдайы нашарлауы мүмкін. Ұшақтардың қауіпсіздігін тексеру тыйылып, ауыл шаруашылығы министрлігінің несиелері тоқтап қалады. Шамамен 1 млн әскери қызметкер уақытша жалақыдан қағылуы мүмкін еді, деп жазды "Америка дауысы" сайты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG