Accessibility links

Ресей тергеу комитеті өзбек қауымдастығының басшысына қарсы қылмыстық іс қозғады


Ресейдегі «Ватандош» өзбек қандастығының басшысы Усман Баратов.
Ресейдегі «Ватандош» өзбек қандастығының басшысы Усман Баратов.

Ресей тергеу комитеті «Ватандош» өзбек қауымдастығының басшысы Усман Баратовқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Ол әлеуметтік желілерде жұмыртқаның күрт қымбаттап кетуін сынаған.

2023 жылғы желтоқсанда Баратов әлеуметтік желілерде тауықтардың суретін жариялап, оның астына «Жұмыртқаны түсіңде көресің! Қораздарды майданнан қайтарыңдар» деп жазған.

Оны ресейлік кремльшіл блогерлер байқап, соғысқа аттанғандардың әйелдерін меңзейтін сурет деп топшылаған. Олар тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинге хат жазып, өзбек қауымдастығының басшысының үстінен қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

Баратов осы арыздан кейін ұсталған. Оған араздық туғызды деген айып тағылған. Тергеушілер «Ватандош» басшысы Ресей азаматтарының, солардың ішінде «арнайы әскери операцияға қатысқандардың» ар-ұжданына тиді деп есептейді.

Усман Баратовтың өзі айыпты жоққа шығарып, «сатираның арнайы әскери операцияға ешқандай қатысы жоғын» айтқан.

Дума вице-спикері Петр Толстой ұлттық қауымдар мен диаспораларды қылмыстық топтарға жатқызып, «мұндай бірлестіктерді жоюға» үндеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG