Accessibility links

Ресейде "жақын арада барлық орыс қыздары біздікі болады" деген тәжік блогері үйқамаққа жіберілді


Салмон Раджабзода (Жумабой) сот залында.
Салмон Раджабзода (Жумабой) сот залында.

Мәскеудің Симонов аудандық соты тәжік блогері Салмон Раджабзоданы (Жумабой) "орыс қыздарының намысына тию" ісі аясында үйқамаққа жіберді. Бұл жөнінде Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Раджабзодаға "алауыздық қоздыру" бабы бойынша айып тағылып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу комитетінің болжамынша, "орыстарға деген жағымсыз көзқарас туындаған шақта" ол "славян қыздарының абыройын қорлау" белгілері бар видео түсіріп, интернетке жариялаған.

Блогердің қуғындалуына "жақын арада барлық орыс қыздары біздікі болады" және "Наташкамен рақаттандым" деген сөздері түрткі болған. Раджабзоданың өзі видеодағы дауыс өзінікі емес екенін айтқан.

Блогер 8 қаңтарда Мәскеуде ұсталған. Ертесінде Симонов аудандық соты ер адамға бұлтартпас жазасын қолданудан бас тартқан. Бірақ 17 қаңтарда Мәскеу қалалық соты шешімді өзгертті.

XS
SM
MD
LG