Accessibility links

Қазақстандық спортшы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын жеңіп алды


Илья Мизерных
Илья Мизерных

Қазақстандық спортшы Илья Мизерных Канвондағы (Оңтүстік Корея) жасөспірімдер Олимпиадасында трамплиннен секіру бойынша жарыста алтын ұтып алды.

Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алмаған.

"Жеңіске жетіп, тұтас Қазақстанның намысын қорғай алғаныңды сезіну ғажап" деді спортшы.

Ұлттық олимпиада комитеті медальды "тарихи" оқиға деп атады. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Мизерныхты құттықтап, оған "жаңа жеңістер мен жетістіктер" тіледі.

Трамплиннен секіру бойынша күміс медальды – австриялық Никки Хамл, қола медальды Польша спортшысы Лукас Лукащук иеленді.

Жасөспірімдер арасында қысқы IV Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясындағы Каннын қаласында 19 қаңтарда басталған. 1 ақпанға дейін созылады. Оған әлемнің 70 елінен 14 және 17 жастағы шамамен 1800 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан атынан 42 спортшы жарысқа түседі. Олар биатлон, керлинг, коньки тебу, шорт-трек, шаңғы, трамплиннен секіру, тау спорты, фристайл могулу және хоккейге қатысады.

XS
SM
MD
LG