Accessibility links

АҚШ-тың Ирактағы әскери базасы ракетамен атқыланды


Сенбі күні АҚШ-тың Ирактағы әскери базасы ракетамен атқыланды. Дереккөздер мен АҚШ-тың әскери ведомстволарына сүйенген агенттіктердің хабарлауынша, аумаққа кемінде 15 ракета жіберілген. Кемінде екеуі база аумағында жарылған, қалғандары атып түсірілген.

Reuters-тің жазуынша, Ирак күштік құрылымының бір қызметкері зардап шеккен. Бірнеше Америка әскери қызметкері жеңіл жарақат алған.

Америка әскерінің болжамынша, шабуылды Ирак аумағында орналасқан ираншыл қарулы топтардың бірі жасаған болуы мүмкін. Әзірге шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған ХАМАС-тың шабуылынан кейін Газа секторында әскери қимылдар жанданғаннан бері АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскері пайдаланатын Ирак пен Сириядағы әскери базаларға ираншыл топтар тұрақты түрде шабуылдап жатыр. Осыған дейін жүзден астам шабуыл болған. Мәселе ракетамен атқылау немесе дрондар шабуылы жөнінде болып отыр. Соққылар ірі шығын келтірген жоқ. АҚШ әскери қызметкерлерінің қазасы жөнінде хабар болған жоқ. Америка күштері өз кезегінде Ирактағы ираншыл күштердің нысандарына соққы жасаған.

Сенбі күні Израиль Дамаскіге әуеден соққы жасап, нәтижесінде Иран ислам революциясы сақшылар корпусының жоғары лауазымды офицері мен корпустың тағы төрт мүшесі қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG