Accessibility links

Сериал көргені үшін 12 жыл ауыр жұмысқа жегілген: BBC Солтүстік Кореядан келген видеоны жариялады


BBC ақпарат агенттігі Солтүстік Кореядан келіп түскен видеоны жариялады. Онда екі жасөспірім оңтүстіккореялық телесериалдарды көргені үшін 12 жыл ауыр жұмысқа жегіледі.

Видеоны BBC-ге Солтүстік Кореядан қашып келгендермен жұмыс істейтін зерттеу институтының өкілдері берген. Жазба 2022 жылы түсірілгенге ұқсайды.

Видеода мектеп оқушыларына лық толы стадионда сұр комбинезон киген екі жасөспірімнің қолына кісен салынғанын көруге болады. Видеоролик Солтүстік Кореяда "идеологиялық тәрбие беру және азаматтарды деструктивті жазбалардан сақтандыру" мақсатында таратылған деп айтылады.

"Қуыршақ режимнің шіріген жүйесі жасөспірімдерге де жетті. Олардың жасы небәрі 16-да, бірақ олар өз болашағын құртып үлгерді" дейді диктор видеода.

Солтүстік Корея елдің ішкі өмірін көрсететін фото-видео және өзге де материалдарды таратуға тыйым салады. Сондықтан мұндай видеолар өте сирек кездеседі, дейді BBC.

2020 жылы Пхеньян Оңтүстік Кореяның бағдарламаларын көргендер мен таратқандарға жазаны күшейтекен. Олар өлім жазасына да кесілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG