Accessibility links

Донецк аумағы атқыланып, 18 бейбіт тұрғын қаза болды


Ресей әскері бақылауындағы Донецк жексенбі күні таңертең артиллериямен атқыланды. Қала базары орналасқан Текстильщик ықшамауданы зардап шекті. Ресей тағайындаған қала мэрі Алексей Кулемзин 18 бейбіт тұрғын қаза болғанын, кемінде 13 адам жараланғанын хабарлады.

Өзін республика жариялап алған "Донецк халық республикасының" жетекшісі Денис Пушилин бұған дейін 13 адам қаза болғанын мәлімдеген.

Куйбышев ауданында да дрон жылу желілеріндегі апатты жөндеген топтарға оқ-дәрі тастаған. Оқиға орнында жұмыс істеген экскаваторшы жарақат алған, экскаватор жанып кеткен.

Кулемзин шабуылға Украина күштерін кінәлады. Украина басшылығы түсініктеме берген жоқ.

Ресей әскері соңғы тәулікте Запорожье облысына 95 соққы жасаған, бір адам жараланған. Бұл жөнінде облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Юрий Малашко айтты. Ресей әскері Харьков облысын да атқылаған. Ол жақта ресми мәлімет бойынша нысандар қираған, ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG