Украина президенті Владимир Зеленский Британияның Channel 4 арнасына берген сұқбатында майданға қосымша жарты миллион солдат мобилизациялаудың әзірге қажеттілігін көріп тұрмағанын айтты.
Былтыр желтоқсанда өткізген баспасөз конференциясында Владимир Зеленский Украина қарулы күштерінің бас штабы 450-500 мың адамды мобилизациялауды сұрағанын мәлімдеген. Тағы да мобилизация керектігі жөнінде Украина әскери барлауының басшысы Кирилл Буданов та айтқан. "Адам күші жетіспей жатыр. Мобилизациясыз мүмкін емес" деген Будановтың Financial Times баслымына берген сұқбатын Би-би-сидің Орыс қызметі жариялаған.
Былтыр желтоқсан айының ортасында Украина үкіметі мобилизация мен әскери есеп мәселесін жетілдіру туралы заң жобасын Жоғарғы радаға ұсынған. Бұл жоба бойынша, әскерге алынатын жас шамасы шегерілген.
ПІКІРЛЕР