Accessibility links

"Украинадағы соғысты тоқтататынын" мәлімдеген Ресей президенттігіне кандидат Борис Надеждин қол жинап жатыр


Борис Надеждин
Борис Надеждин

Ресей президенті сайлауына қатысу үшін қол жинауға кіріскен Борис Надеждин кеше, 21 қаңтарда Қазан қаласындағы штабымен кездескен. Бұл жөнінде ол өзінің телеграм-арнасында хабарлады. Надеждин қысқаша видео жариялап, штаб қызметкері бір күнде қанша қол жиналғанын айтқанын мәлімдеді:

"437 қол [бүгін жиналған қол]. Керемет! Күн сайын осылай болса, миллион жинаймын!" деді Надеждин.

Ресейдің ірі қалаларында Борис Надеждиннің штабы алдында қол қоюға кезекке тұрғандар көбейген.

Бұған дейін Александр Венедиктов, Любовь Соболь, Михаил Ходорковский, Максим Кац секілді тағы да басқа Ресей оппозициясындағы белгілі саясаткерлер Надеждинді қолдайтынын мәлімдеген.

Президент сайлауына қатысу үшін айдың соңына дейін Борис Надеждин 100 мың қол жинауға тиіс. Қазір 40 мың қол жиналған. 25 қаңтарда қол жинау аяқталады. Надеждин сайтының ақпаратына қарағанда, әзірге Мәскеу мен Санкт-Петербургте ғана қажетті қол жиналған.

Кей аймақтарда Надеждин штабының қызметкерлеріне кедергі жасалған. Мысалы, Саратов қаласында Надеждин штабының қайда екенін көрсетіп түрған штаб қызметкерін полиция алып кеткен.

  • Борис Надеждинді "Азаматтық бастама" партиясы ұсынған. Қазіргі сәтте ол соғысқа қарсы жалғыз кандидат болып отыр. Надеждин Украинадағы соғысқа қарсы екенін, президент болып сайланған жағдайда соғысты тоқтатып, мобилизацияланғандарды үйлеріне қайтаратынын мәлімдеген.
  • Ресейде президент сайлауы биыл, 2024 жылы 15–17 наурыз аралығында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG