Қазақстанда екі теміржолшы пойыз астында қалып өлген. Мұны жергілікті БАҚ "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.
Оқиға 21 қаңтар таңертең Жамбыл облысындағы Жиделі-Бірлік станциясында болған.
"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, вагон депосының екі қызметкері Астана - Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызының астында қалған.
"Пойыз машинисі дереу тежегіш қосқанымен үлгермеген" дейді хабарда.
Болған оқиғаны тексеретін ҚТЖ комиссиясы құрылған. Тергеу басталған.
ПІКІРЛЕР