Accessibility links

WSJ: Еуропа одағы Венгрияның ветосын айналып өтіп, Украинаға көмектесу жолын ойластырды


Осы аптада Еуропа одағының шенеуніктері Украинаға әскери көмек беру мәселесіне байланысты ішкі кереғарлықты айналып өтіп, ондаған миллиард доллар бөлудің жаңа жоспарына кіріседі. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.

Өткен жылдың соңында Венгрия Еуропа одағының бюджетінен Украинаға қаржылай көмек ретінде 50 миллиард доллар бөлу жөнінде бастаманы тоқтатып тастаған. Алайда Венгриямен бұл жөнінде келісе қоймайтындар бар.

Басылым мәліметінше, жаңа жоспар жыл сайын бес миллиардқа толығатын жаңа қор арқылы алдағы төрт жыл бойы 20 миллиард доллар бөлуді көздейді.

Егер Еуропа одағының жаңа жоспары мақұлданса, Еуропа одағының 20 миллиард доллары мүше-мемлекеттерге алдағы төрт жылда Украинаға беретін әскери көмегі үшін өтемақы ретінде ұсынылатын болады. WSJ танысқан жоспар жобасы ресми түрде жұма күні таратылған.

Басылымның жазуынша, Ресей Украинаға басып кіргелі Еуропа өз одағының бейбітшілік қоры арқылы әскери көмек көрсете бастаған және онысы айтарлықтай жөндем жүрген. Осы уақыт ішінде Украинаға қару-жарақ, оқ-дәрі, танк пен әуе қорғанысына арналған зымыран беріп келе жатқан Еуропа одағынының мүшелеріне бес жарым миллиардқа жуық ақша қайтарылған. Бірақ кейін Венгрия үкіметі бұл қордың өтемақы беруіне тыйым салған.

"Еуропа одағының кей мүшелері Украинаға елеулі көмек бере алмайтын жағдайға жетіп, қорын тауысқан" деп жазады басылым. Осы қиыншылықты ескеріп, Украинаға арналған жаңа арнаулы әскери қор құру ұсынылған. Ол қор Еуропа бейбітшілік қорының қалған активтеріне ие болады және алдағы төрт жылда бес миллиард долларға толығып отырады.

Бұл идеяның мақсаты - аталған ақшаны Украинаға көмектесіп және әскери дайындық бағдарламасын төлеп отырған елдерге өтемақы төлеу. WSJ мәліметіне қарағанда, Еуропа одағының құжатында одаққа мүше мемлекеттерге Украинаға әскери көмек көрсеткені үшін жаңа қор арқылы биыл жеті жарым миллиард еуро өтемақы ұсынылады.

Жоспар авторлары жаңа қор Еуропа елдері үкіметтерінің Киевке қажетті ресурстарды бөлу жөніндегі міндеттерін жеңілдете түседі деп санайды.

Былтыр желтоқсан айында Еуропа одағының саммитінде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Киевке 50 миллиард еуро бөлу туралы ұсынысты тоқтатып тастаған. Еуропа одағының жетекшілері бұл мәселеге биыл, 2024 жылы 1 ақпанда қайта оралуды ұйғарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG