23-24 қаңтарда Қазақстанға Ресейдің құрамындағы Башқұрстан басшысы Радий Хабиров келеді. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
"Сапар кезінде башқұрт делегациясы "Қазақстан – Башқұрстан" бизнес-форумына, Қазақстан мен Башқұрстан арасындағы қарым-қатынасты дамыту бойынша жұмыс тобының қатысады" деді Смадияров брифингте.
Башқұрстан премьерінің орынбасары – экономикалық даму және инвестиция саясаты министрі Рустан Муратов Қазақстанға сапар барысында Хабиров бастаған делегация кәсіпорындардың өкілдерімен және билік өкілдерімен кездесетінін айтты.
Хабировтың Астанаға сапары Башқұрстандағы наразылықпен тұспа-тұс келмек. Аймақта сот экбелсенді Фаиль Алсыновты "араздықты қоздыру" бабымен сотталған соң Баймак және Уфада жұрт наразылыққа шығып жатыр. Алсыновты босатуды талап еткен наразыларға арнайы жасақ көзден жас ағызатын газ шашып, күш қолданған. Наразылыққа шыққан бірнеше адам ұсталып, екі айға қамалғаны белгілі болды.
Алсынов өзіне тағылған айыпты мойындамайды.
Сарапшылар Башқұрстандағы наразылық Кремльдің Украинаға басқыншылық соғысы тұсында Ресейде болып жатқан ең ірі наразылық екенін айтады. Баашқұрстанның тергеу комитеті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және қатысу", "билік өкілдеріне күш қолдану" бабымен қылмыстық іс қозғаған.
ПІКІРЛЕР