Accessibility links

Соғыс басталғалы Ресейде әскери комиссариаттарға 220 рет шабуыл жасалған


Кемерова қаласындағы әскери комиссариат
Кемерова қаласындағы әскери комиссариат

Украинада соғыс басталғалы Ресейдегі әскери комиссариаттар мен мемлекеттік ғимараттарға 220 рет шабуыл жасалса, теміржолдарға 184 рет диверсия болған. Бұл туралы Ресей ІІІМ өкілі Станислав Колесникке сілтеме жасап, "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Колесниктің сөзінше, өрт қою оқиғаларының 85 пайызы ашылып, оқиғаларға қатысы бар 220 адам (15-і – кәмелет жасына толмағандар) анықталған. Ал диверсия жасау оқиғалары бойынша 141 адам (59-ы – жасөспірімдер) ұсталғаны да айтылды.

Станислав Колесник Украинаның арнайы қызметтері жасөспірімдерді арбап, диверсия жасауға көндірді деп те айыптады.

Мәскеу Украинаға басқыншылық соғыс бастағалы Ресейде әскери комиссариаттарға, полиция бөлімшелеріне, қала әкімшіліктеріне, "Единая Россия" партиясының қабылдау ғимараттарына өрт қою оқиғалары жиілеген. Ресей президенті Владимир Путин мобилизация жариялаған соң мұндай фактілер көбейген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG