Accessibility links

Алматыдағы зілзала кезінде кемі 8 адам зардап шеккен, кейбірі 2-3-қабаттан секірген


23 қаңтарға қараған түні Алматыда болған зілзала кезінде сегіз адам зардап шеккен, бәрі де емханаға жеткізілген. Мұны Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Үш адам екінші және үшінші қабаттан секіріп, жараланған. Зардап шеккен екі адам үйіне қайтарылған. Үшінші пациенттің жағдайы ауыр" дейді хабарда.

Бес адам үйден жүгіріп шығып, жарақаттанған. Медициналық ем-домнан кейін бәрі де үйіне қайтарылған.

23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда 5 балл зілзала болды. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7.

МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі - 5 балл, Шымкентте 2 балл болған.

Алғашында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеген еді. Қала әкімдігі де жер сілкінісінен қаза тапқан, я жараланғандар жоқ деген.

"Ештеңеге дайын емес". Алматы халқы жер сілкінісінен қандай ой түйді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:09 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG