Accessibility links

НАТО Еуропада "Ресей шабуылына қарсы" 35 жылда болмаған жаттығуға кірісті


22 қаңтарда НАТО кейінгі 35 жылда болмаған жаттығуға кірісіп, оны "теңдей қарсыласпен жанжал" деп сипаттады.

Жаттығуға НАТО мен НАТО мүшелігіне кандидат Швецияның 90 мыңға жуық әскері қатысып, мамыр айының соңына дейін Норвегиядан Румынияға дейінгі аралықта жалғасады. Оған 50-ден астам әскери кеме, 80-нен астам ұшақ, тікұшақ пен дрон және мыңнан астам берен мәшине қатысады.

НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы Кристофер Каволидің сөзінше, бұл жаттығу - НАТО бірнеше ай бойы құрғақта, суда, әуеде, киберкеңістікте және ғарышта күрделі опеарция жүргізе ала ма деген сұраққа жауап береді. Жаттығу кезінде әскерді Солтүстік Америкадан Еуропаға жеткізу де пысықталады.

НАТО мұндай жаттығуды 1998 жылы өткізген, оған 125 жауынгер қатысқан.

Dpa агенттігінің ақпаратына қарағанда, жаттығу кезінде "НАТО-ға мүше елдердің біріне Ресейдің жасаған шабуылы" негізгі назарға алынады.

2022 жылы 24 ақпанда Украинаға жаппай басып кірген Ресей "егер табысқа жете қалса НАТО елдерінің біріне де шабуыл жасауы мүмкін" деген қауіп айтылған. Мәскеу оны теріске шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG