Accessibility links

Ресей әскері Киев пен Харьковті зымыранмен атқылады. Өлгендер бар


Зымыран түскен ғимарат. 23 қаңтар 2024 жыл, Киев
Зымыран түскен ғимарат. 23 қаңтар 2024 жыл, Киев

Қаңтардың 23-іне Украинаның бүкіл аумағында әуе дабылы қағылды. Украина әуе күштерінің басшылығы Ресейдің Мурманск және Калуга облыстарынан Ту-22М3 зымыран тасығыш ұшағы шыққанын хабарлады. Кейіннен Киевте, Харьковте және Днепропетровскі мен Сумск облыстарында жарылыс болғаны мәлім болды.

"Украинаға жасалған зымыран шабуылынан 5 адам өліп, 40-тан астам адам жараланды" деді Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко.

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Ресей әскері 23 қаңтарда Украинаға алыстан басқарылатын қанатты, баллистикалық, авиациялық және зенит зымырандармен шабуыл жасағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина әуе қорғанысы Ресейдің 41 зымыранының 21-ін атып түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG