Accessibility links

Тоқаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жиын өткізбек


Қазақстан президені Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президені Қасым-Жомарт Тоқаев.

24 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Ол ертең, 25 қаңтарда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізбек.

Ақорданың хабарлауынша, президент қаладағы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

Тоқаев Алматыға 5 балл жер сілкінісінен кейін халықтың төтенше жағдай мамандары мен қала әкімдігінің жұмысына сын айтылып жатқан тұста келді.

23 қаңтарда түнде Алматыда 5 балл жер сілкінісі болып, халық үйлерін тастап, сыртқа шыққан. Кейбірі жылы киім киіп те үлгермеген. Жер дүмпуінен қорыққан халық қаладан шығып кетуге тырысып, көшелерде кептеліс болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тіркелген. Жер дүмпуінің магнитудасы – 6,7. Энергетикалық классы – 15,1.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23 қаңтардағы ақпаратында "70-ке жуық адам медициналық көмекке жүгінгенін" хабарлады.

Халық жер сілкінісі кезінде әкімдік пен төтенше жағдай департаментінен ерте ескерту келмегенін, дабыл қағылмағанын айтып, билік жұмысына сын айтқан. Алматылықтар жер сілкінісінен кейін екі сағаттай уақыт өткенде ғана хабарлама алған еді.

Төтенше жағдай департаменті "халықты дүрліктірмес үшін дабыл қақпадық" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG