Accessibility links

Депутат Эмил Жамгырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды


Эмил Жамгырчиев
Эмил Жамгырчиев

Бішкектің Бірінші май аудандық соты Жогорку кеңештің депутаты Эмил Жамгырчиевті 26 ақпанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Депутат арнайы қызметтің тергеу абақтысында отырады.

10 қаңтарда Жогорку кеңештің отырысында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев "Өзбекстандағы қылмыс әлемінің белсендісі Сәлім Әбдіуәлиевке жазған хатын" көрсеткен.

Онда 10 беттік хат жазып, Қырғызстанда қысымға алынып жатқанын айтып, көмек сұрағаны айтылған.

"Сәлім Әбдіуәлиев - Өзбекстанның қылмыс әлемінің белсендісі деп ашық айтуымыз керек. Эмил Жамгырчиев одан қолдау іздеп, біздің мемлекет басында отырған адамдарды жамандап, оларға шара қолдануды сұраған. Бұл не деген ақымақтық", - деген Камчыбек Ташиев.

Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев 2022 жылдың желтоқсан айында Ташкентте Сәлім Әбдіуәлиевпен кездескенін жеткізді. Ол "шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылған қырғыз азаматтары қамауға алынбайды" деп Эмил Жамгырчиевті ісі сотқа өтсе, сотқа келуге шақырды.

10 қаңтарда Жогорку кеңеш Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға рұқсат берді.

Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құрылған депутаттық комиссияның төрағасы, депутат Әлішер Эрбаев та Эмил Жамгырчиев 2022 жылы "Сәлімбай байбача" деген лақап атпен танымал Өзбекстан азаматы Салим Абдувалиевтен қолдау алу үшін Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, жолыққанын айтқан.

Бұған дейін Эмил Жамгырчиев тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізіп, істі саяси қудалау деп бағалаған.

Өзбекстанда 74 жастағы Сәлім Әбдіуәлиевтің қамалғаны былтыр желтоқсанда белгілі болған.

XS
SM
MD
LG