Accessibility links

Ақтөбе: Желіде "оқушыларға қарулы шабуыл жасалады" деген хабарлама тарағалы бері ата-аналар балаларын мектепке жібермей отыр


Ақтөбе облысындағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет.
Ақтөбе облысындағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет.

Ақтөбе тұрғындары желіде «оқушыларға қарулы шабуыл жасалады» деген хабарлама тарағалы бері балаларын мектепке жібермей отыр. Жұма, 26 қаңтарда түске дейін оқушылардың 15 пайызы ғана мектепке барған. Ақтөбе облыстық білім басқармасының дерегінше, бүгін қала бойынша елу мыңға жуық оқушы мектепке келмей қойған.

Ақтөбе әкімдігі ақпараттың жалған екенін, мектептерде күзет күшейтілгенін хабарлап жатыр. Бірақ халық арасындағы үрей әлі сейілген жоқ.

Қарулы шабуыл туралы хабарлама желіде бейсенбі, 25 қаңтар күні пайда болған. Сәлден соң мектептерде «атыс басталып», «мұғалімдердің жарақат алғаны» туралы айтыла бастаған.

Ақтөбе полициясы бейсенбінің кешінде жалған ақпарат таратқан күдіктінің анықталғанын хабарлады. Полицияның дерегінше, ол шетел азаматы, жасы 18-де. Осы дерек бойынша полиция «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлады» деп сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сенімді ақпарат көзі Азаттыққа жалған ақпарат таратушы азаматтың украиналық екенін, халықаралық іздеуде жүргенін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG