Accessibility links

Башқұртстан: Туыстары белсендіні полиция ұрып-соққанын, жағдайы ауыр екенін хабарлады


Баймақтағы наразылық акциясы. 17 қаңтар 2024 жыл.
Баймақтағы наразылық акциясы. 17 қаңтар 2024 жыл.

Баймақтағы наразылық акциясына қатысқан башқұрт белсендісі Дима Дәулеткелдиннің туыстары полиция қызметкерлері белсендіні ұрып-соққанын, қазір жағдайы ауыр екенін хабарлады. Бұл жөнінде RusNews жазды.

Дәулеткелдин 22 қаңтарда полиция бөліміне барған кезде ұсталған. Оны одан кейін Уфаға жеткізген. Бөлімге оның адвокатын кіргізбеген. Ақпаратқа қарағанда, қазір ол Уфадағы ауруханалардың бірінде ауыр хәлде жатыр.

Бұған дейін жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық іс аясында Азат Мирзин, Ілияс Байгускаров, Вилюр Карачурин және Дима Дәулеткелдин ұсталған еді.

  • 17 қаңтарда Башқұртстанның Баймақ аудандық соты жергілікті белсенді, Құштау қорғаушысы Фаил Алсыновты "алауыздық қоздыру" ісі аясында 4 жыл түрмеге кескен. Ол тағылған айыппен келіспеді.
  • Белсендіге үкім оқылатын күні сот ғимараты маңына мыңдаған адам жиналды. Олар Алсыновты босатуды талап етті. Полиция жиналғандарды тарату үшін жас ағызатын газ және жарқылдақ граната пайдаланып, демонстранттарды резеңке таяқпен ұрып-соққан. Акциядан кейін ондаған адам ұсталған. Тергеу комитеті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу", "билік өкілдеріне күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG