Accessibility links

АҚШ-тың Иорданиядағы әскери базасына дронмен шабуыл жасалып, 3 жауынгер өлген


Иордания мен Сирия шекарасы. Көрнекі сурет
Иордания мен Сирия шекарасы. Көрнекі сурет

Иорданияның солтүстік-шығысында, Сирия шекарасы маңында тұрған АҚШ әскери базасына дрон шабуылдап, үш әскери қызметкер өлген, көп адам жараланған.

Мұны жексенбі, 28 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден хабарлап, жауапкершілікті Иран қолдап отырған топтарға артты. "Бұл шабуыл жөнінде әзірге факт жинап жатырмыз, дегенмен шабуылды Сирия мен Иракта жүрген, Иран көмектесіп отырған радикал топтар жасағанын біліп отырмыз" деді Байден.

Ақ үй басшысы "кінәлілерді АҚШ жауапқа тартатынына ешбір күмән болмауы керек" санайды.

АҚШ орталық қолбасшылығының хабарына қарағанда, Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына жасалған шабуылдан 3 әскери қызметкер өліп, 15-і жараланған.

ВВС-дің жазуынша, былтыр 7 қазанда ХАМАС радикалды тобы Израильге жасаған шабуылдан кейін алғаш рет бұл аймақта АҚШ солдаты өлген. АҚШ-тың әскери нысандарына бұрын да шабуыл жасалған, бірақ адам өлімі болмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG