Accessibility links

FT: Еуропа одағы Киевке берілетін көмекке вето қойғаны үшін Венгрия экономикасын құлдыратуға әзір


Ақпанның біріне өтетін шұғыл саммитте Украинаға 50 миллиард доллар бөлу туралы Еуропа одағының шешіміне Будапешт кедергі жасайтын болса, онда Еуропа одағы Венгрияның экономикасын құлдыратуға дайын. бұл жөнінде Financial Times (FT) Еуропа одағының құжатына сүйеніп хабарлады.

"Брюссель Венгрия экономикасының әлсіз тұстарына дәлдеп соққы беретін стратегия құрып отыр. Жұмыс орындары мен экономикалық өсіміне залал келтіру үшін валютасын құнсыздандырып, инвесторлардың сенімінен айыратаны болады. Венгр экономикасының әлсіз тұстары ретінде жоғары инфляция мен валютасы және қарызды өтеу төлемінің ЕО-дағы ең жоғары деңгейі көрсетілген. Егер Будапешт Киевке көмек көрсету туралы шешімге қойған ветосын қайтарып алмаса, осы жоспарға жүгінеді", - деп жазады FT.

Егер Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан шегінбесе, онда Еуропа одағының өзге жетекшілері Венгрияны қаржыландыру тоқтатылатынын жария түрде мәлімдеуге тиіс. "Еуропа одағы қаржыландырмаса қаржы рыноктары, Еуропа және халықаралық компаниялар Венгрияға инвестиция салуға құлықты болмайды" дейді құжатта.

Еуропа одағының аты-жөнін жарияламауды сұраған үш дипломаты одақтың көптеген мүшелері бұл жоспарды қолдағанын айтқан.

Еуропа одағы істері бойынша венгр үкіметінің министрі Янош Бок Еуропа одағы тарапынан қаржылай қатер төнетіні туралы ақпарат жоқтығын, бірақ өз елі қысымға көнбейтінін айтқан. Оның сөзінше, Будапешт Украинаға көмек берудің көрсетудің жолдарын көрсетіп, жаңа ұсыныс жасаған.

Желтоқсанда өткен Еуропа одағының саммитінде Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан алдағы төрт жыл ішінде (2024-2027) Украинаға 50 миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек беру туралы ұсынысқа блок қойған. Еуропа одағы бұл мәселеге 1 ақпанда қайта оралмақшы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG