Accessibility links

Қырғыз футбол одағының басшылары мерзімінен бұрын қызметінен кетті


Азия кубогы кезіндегі Қырғызстан мен Оман құрамасының ойыны. 25 қаңтар 2024 жыл
Азия кубогы кезіндегі Қырғызстан мен Оман құрамасының ойыны. 25 қаңтар 2024 жыл

Футболдан Қырғызстан құрама командасының Азия кубогында плей-офқа шыға алмауына байланысты қырғыз футбол одағының президенті отставкаға кетті және бұл ұйымның атқару комитеті өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Қырғыз футбол одағы бұл шешімін 29 қаңтарда Facebook парақшасында жариялады.

Қырғызстан футбол одағы "бұл шешім қырғыз футболын дамытуға серпін береді, одақ басшылығына жаңа адамдар тартуға септеседі" деп санайды.

Ұйым басшылығы 19 ақпанда одақтың жаңа сайлауы өткенше жұмыс істейді.

Қырғызстанның футбол құрамасы Катарда өтіп жатқан Азия кубогында плей-оффқа шыға алмаған еді. Үш матчта 1 ғана ұпай алған. Тайланд пен Сауда Арабиясынан ұтылып, Катармен тең түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG