Accessibility links

Израиль барлауы БҰҰ қызметкерлерінің арасындағы "содырлар" туралы мәлімдеді


MIDEAST-GAZA-DAILY LIFE
MIDEAST-GAZA-DAILY LIFE

Еуропа одағы Біріккен ұлттар ұйымының Палестина босқындары ісі жөніндегі агенттігін (UNRWA) шұғыл тексеруді талап етті. Дүйсенбіде Еурокомиссия өкілі аталған агенттікті қаржыландыруды қайта қарау туралы мәлімдеді.

Кеше Израиль агенттіктің бірнеше қызметкерін 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылға қатысы бар деп айыптаған. Палестинаның радикалды ХАМАС тобын АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа одағы террор ұйым деп санайды.

"Еуро комиссия мәлімдемесіне қарағанда, Еуропа одағының атқарушы билігі Израиль мәлімдемесіне байланысты агенттікті алдағы уақытта қаржыландыру мәселесін анықтайды" деп хабарлады "Америка дауысының" Орыс қызметі.

"Газа секторына гуманитарлық көмек серіктес ұйымдар арқылы жеткізіле береді"дейді Еуро комиссия.

Reuters танысқан Израиль барлауының мәліметтеріне қарағанда, "БҰҰ-ның Палестина босқындары ісі жөніндегі агенттігінің (UNRWA) шамамен 190 қызметкерінің ХАМАС пен "Ислам жихады" топтарына қатысы бар". Он қызметкердің аты-жөні мен суреті жарияланған.

Палестиналықтар "Израиль қаралаумен шұғылданып отыр" деп санайды. Израиль сыртқы істер министрі агенттік директоры Филиппе Лаззарини қызметінен кетуге тиіс деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG