Қаңтардың 30-ына Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы орталығы - Ботақара кентінде көп пәтерлі екі қабатты үйде жарылыс болды. Кемі екі адам өліп, бес адам зардап шеккен. Жараланғандардың ішінде екі бала бар.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне қарағанда, сағат түнгі бірде екінші қабаттағы №10 пәтер жарылған, содан кейін үй қираған.
Төтенше жағдайлар департаменті құтқару кезінде екі адамның денесі шығарылғанын, бес ересек адам мен үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Жарылыс сәтінде үйде 35 адам болған. Барлығы 46 адам тұрған.
Аудан әкімі Абылай Сұлтанғали қираған үй тұрғындары өзге жерге орналастырылғанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Ботақара - Бұқар жырау ауданының орталығы. Қарағанды қаласынан 32 шақырым жерде тұр.
ПІКІРЛЕР