Accessibility links

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екінші мерзімге сайлауға түседі


Садыр Жапаров
Садыр Жапаров

30 қаңтарда Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов президент Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетіні туралы ақпаратты растады.

"Ұзақ мерзімге арналған, еліміз үшін стратегиялық маңызы зор халықаралық жобалар жоспарланып, іске асырылып жатқанын ескеретін болсақ, Садыр Жапаровтың келесі мерзімге сайлауға қатысқаны саясаттағы сабақтастық болады" деді ол "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.

Бұған дейін Азаттықтың Қырғыз редакциясының "Эксперттер талдайды" бағдарламасында Қырғызстан министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Еділ Байсалов "Президентіміз келесі сайлауға қатысады, оған Конституция рұқсат береді" деген.

Қырғызстан Конституциясына 2021 жылы енгізілген өзгерістер бойынша, Қырғызстан президенті болып бір адам 5 жылдан екі мерзімге сайлана алады.

Садыр Жапаров 2021 жылы 10 қаңтарда Қырғызстан президенті болып сайланған. Ол кездегі Конституция бойынша қырғыз президенті болып бір адам бір рет, алты жылға ғана сайланатын.

2020 жылы қазан айындағы дүрбелеңнен кейін билікке келген Садыр Жапаров 2010 жылы күшіне енген жартылай парламенттік басқарудан бас тартып, күшті президенттік билік тұрпатына көшуді ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG