Accessibility links

Түнгі шабуыл кезінде Украина - 15, Ресей 21 дрон атып құлатқан


Қаңтардың 30-ына қараған түні Ресейдің әуе қорғанысы - 21, Украинаның әуе қорғанысы 15 дрон атып түсірген.

Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, дрондарды Ресейдің төрт аймағы мен аннексияланған Қырым үстінен атып түсірген. Бес дрон - Белгород облысының үстінен, үш дрон - Брянск және бір-бір дрон Калуга мен Тула облысының үстінен құлатылған.

Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресей әскері түнде Украинаға 35 дрон жібергенін, оның 15-ін атып түсіргенін хабарлады.

Николаев облысында жүк көлігі жанып, жүргізушісі басынан жараланған. Киевте және Харьков облысындағы мұнай базасында өрт шыққаны туралы хабар бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG