Accessibility links

Қырғызстанда президентті сынаған Арыстан Алайдың өлімі тексеріледі


Арыстан Алай деген лақатпен танылған Арыстанбек Әбділдаев
Арыстан Алай деген лақатпен танылған Арыстанбек Әбділдаев

Қырғызстанның бас прокуроры Құрманқұл Зулушев Арыстан Алайдың (Арыстанбек Әбділдаев) өлімі бойынша тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

"Олар (түрме әкімшілігі қызметкерлері – ред.) Арыстан Алай үтіктің электр бауын басып жүргенін, су, шәй ішіп жүргенін 24 сағат бойы көрген. Көрген де, шара қолданбаған. Ол жақта істеген қыз жас екен, барғанына жеті ай болыпты. Оған түсіндіру жұмысы жүргізілмеген. Сондықтан "салғырттық" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр" деді Зулушев.

5 қаңтарда Қырғызстан қылмыстық жазаны атқару қызметі Әбділдаев Бішкек іргесіндегі арнаулы емдеу-түзету мекемесінің асханасында асылып өлгенін хабарлаған. Ведомствоның мәліметінше, ол "психикалық дертіне байланысты былтыр 28 желтоқсанда Бішкектегі №1 тергеу абақтысынан №31 мекемеге ауыстырылған".

Ал адвокаты қорғау жағына хабар берместен Әбділдаевты емдеу мекемесіне жатқызғанын айтқан.

Ақпаратқа қарағанда, 5 қаңтарда әділет министрлігі Арыстан Алайдың өліміне байланысты комиссия құрып, Қырғызстан қылмыстық жазаны атқару қызметі қызметтік тексеріс бастап, "марқұмның неден қайтыс болғанын анықтау үшін" сот-медициналық сараптама тағайындаған. Ресми органдардың мәлімдеуінше, алғашқы тексеріс марқұмның денесінен "арқан ізінен басқа жарақат таппаған".

Марқұмның туыстары оның өлімін жіті тексеруді талап етеді.

Арыстанбек Әбділдаев қайтыс болғанға дейін үш апта бойы қамауда болған. Оның ұсталғанын Қырғызстан арнайы қызметі 15 желтоқсанда хабарлаған. ҰҚМК оның әлеуметтік желілерде қалдырған жазбаларында "дін араздығын туғызуды көздейтін үндеулер" бар деп есептейді.

Қырғызстанда бірнеше рет президент сайлауына түскен Арыстанбек Әбілдаев 2021 жылғы кезектен тыс президент сайлауына да қатысқан. Сайлауалды дебат кезінде ол кандидат Садыр Жапаровты сынап, мұнысы қоғамда резонанс туғызған.

XS
SM
MD
LG