Германияның жұмыс берушілері сыртқы еңбек көші-қон агенттігі арқылы Өзбекстан азаматтарына 50 мың бос жұмыс орнын ұсынды. Олар неміс тілі курстарына қатысуға да көмектеспек.
Gazeta.uz сайтының жазуынша, медбике, жүргізуші, жүк тасушы және ауыл шаруашылығы техникаларын игеру, қонақүй бизнесі, ресторан ісі, туризм, қолөнер, мехатроника, құрылыс және басқа салалар бойынша бос орындар ұсынады.
Теория және практикалық білімнен құралған белгілі бір кәсіп бойынша терең оқыту үшін ұйымдастырылған Германияның еңбек министрлігінің Ausbildung бағдарламасы арқылы жұмыс орындарының айлығы 1000 еуродан басталады.
Агенттік егер қызметкер жұмыс берушімен тікелей еңбек шартына отырса, онда еңбекақы 2000 еуродан басталатынын хабарлады. Қызығушылық білдіретіндер агенттік анкетасын толтыруы толтыруы керек.
Ведомствоның хабарлауынша, Германияда осы салаларда жұмыс істегісі келген азаматтар Өзбекстанда неміс тілі курстарынан өте алады. Ведомство сонымен бірге елдегі барлық оқу орталықтарын әріптестікке шақырады.
Қазір Өзбекстан мигранттары негізінен көрші елдерге атап айтқанда, Ресей мен Қазақстанға барады. Дегенмен Өзбекстан орталық банкі бұған дейін кейінгі кезде Ресейге баратындардың саны 87 пайыздан 78 пайызға дейін азайғанын мәлімдеген.
2022 жылы Ұлыбританияға барған маусымдық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі Орталық Азия елдерінің азаматтары болған. Өзбекстан Украинадан кейін екінші орын алған. Стамбул әуежайында Ұлыбританияға ұшып бара жатқан өзбек мигранттарының бірі Газеты.uz сайтына Манчестерге таңқурай жинау жұмысына кетіп бара жатқанын айтқан. Оның сөзінше, ол жақта сағатына 14 фунт стерлинг (қазіргі бағаммен 7900 теңге немесе шамамен 200 мың өзбек сум) төленеді.
Соңғы жылдары Орталық Азия мигранттарының көбі АҚШ, Еуропа және Азияның дамыған елдеріне жұмыс істеуге ұмтылып жатыр.
ПІКІРЛЕР