Accessibility links

Бішкекте жылу электр орталығында апат болып, үш адам зардап шекті


2 ақпанда түнгі сағат 3 шамасында Бішкек жылу электр орталығында апат болды. Бұл жөнінде Қырғызстан энергетика министрлігіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Жағдайды реттеу үшін жедел штаб құрылған. Энергетика министрлігі жылу электр орталығының жұмысын 2-3 күн ішінде қалпына келтіретінін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, апаттың салдарынан үш адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілген.

"Тұтынушыларға электр энергиясы үздіксіз беріліп жатыр. Алайда қаланың жылу режимін сақтау үшін ыстық су беруге шектеу қойылды, ал мектептер мен балабақшалар онлайн-оқуға көшірілді" деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Апат себебі айтылған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG