Accessibility links

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан әлеуметтік омбудсмен болды


Мәжілістің жаңа сайланған депутаты Кенжеғұл Сейітжан (оң жақта) және ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. 28 наурыз 2023 жыл.
Мәжілістің жаңа сайланған депутаты Кенжеғұл Сейітжан (оң жақта) және ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. 28 наурыз 2023 жыл.

Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Кенжеғұл Сейітжан халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі болды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Кенжеғұл Сейітжан Қазақстан президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды" деп жазылған Ақорда хабарламасында.

42 жастағы Кенжеғұл Сейітжан – мүгедектігі бар азаматтардың қорғаушысы, параолимпиада ойындарының қатысушысы. 2023 жылы наурызда Қазақстан халық партиясы (2020 жылы партия ұйым атауынан "коммунистік" сөзін алып тастаған) атынан мәжіліске депутат болып сайланған.

2023 жылы наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы жарлыққа қол қойған. Оның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған бөлігінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау деп айтылды.

Бұл қызметті үш ай атқарған Светлана Жақыпова қыркүйек айында еңбек министрі болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG