Accessibility links

Польша президенті Украинаның Қырымды қайтаратындығына күмән келтіріп, сынға ұшырады


Польша президенті Анджей Дуда. 10 қаңтар 2024 жыл.
Польша президенті Анджей Дуда. 10 қаңтар 2024 жыл.

Польша президенті Анджей Дуда 3 ақпанда Украинаны қолдаудан айнымайтындығын мәлімдеді. Бұған дейін ол Киев Ресей аннексиялап алған Қырымды қайтара алатындығына күмән келтіріп, сынға қалған еді, деп жазды Reuters.

Варшава Ресей басқыншылығына ұшыраған Киевті табанды түрде қолдап, Мәскеу басқыншылығын тыю үшін Украина өз территориясын қалпына келтіруге тиіс деп мәлімдеп келеді.

Польша президенті Анджей Дуда даулы ұстанымын жуырда Kanal Zero YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеген. "Украинаның Қырымды қайтара алатындығына сенесіз бе?" деген сұраққа ол "ол сұраққа жауап беру қиын" деген.

"[Украина] Қырымды қайтара ала ма, жоқ па, Донецк пен Луганскіні қайтара ала ма, жоқ па, айта алмаймын" деді ол.

Оның айтуынша, Ресей 2014 жылы басып алған Қырым түбегі "тарихи жағынан алғанда, ерекше орын... Себебі, шын мәнінде тарихтан қарасақ, ол ұзақ уақыт бойы Ресейдің бақылауында болған".

2014 жылы Ресей қолдайтын күштер Украина шығысындағы Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігін басып алған. Украина барлық жерін қайтаратынын, Қырымды да қайтаруға уәде берген. Украинаның Польшадағы елшісі Василий Зварич 3 ақпанда X желісінде "Қырым - бұл Украинаның жері және солай болып қалады" деп жазды.

Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Варшава "Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған шекарасындағы тәуелсіздігін мойындайды" деді.

XS
SM
MD
LG