Accessibility links

Тоқаевтың жарлығымен Әлихан Смайылов басқаратын үкімет орнынан түсті


Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан үкіметі толық құрамда орнынан түсті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Премьер-министр міндетін уақытша атқару Роман Склярға жүктелген.

"Қазақстан үкіметінің мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырады" деп көрсетілген Тоқаев жарлығында.

Бүгінге дейін үкімет басқарып келген Әлихан Смайылов 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр лауазымына тағайындалған. Оған дейін Асқар Мәмин премьер-министр болған.

Бүгін орнынан түскен Смайылов басқарған министрлер кабинеті 2023 жылы сәуірде және қыркүйекте қайта жасақталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG