Accessibility links

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Олжас Бектенов премьер-министр лауазамына тағайындалды


Олжас Бектенов
Олжас Бектенов

Бүгін, 6 ақпанда түстен кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Олжас Бектенов премьер-министр лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеп, жергілікті БАҚ-тар жариялады.

Олжас Бектеновтің кандидатурасын бүгін таңертең Қазақстан президентіне биліктегі "Аманат" партиясы ұсынған. Ұсынысты "Аманат" партиясы мен мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жариялаған. Осыдан кейін Ақорда "Қолданыстағы заң бойынша ұсынылған кандидатты мемлекет басшысы мәжілістегі фракция жетекшілерімен талқылайтын болады" деп хабарлаған болатын.

Кеше, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әлихан Смайылов басқаратын үкімет орнынан түскен. Жаңа премьер-министр бекігенге дейін оның қызметін уақытша атқару вице-премьер Роман Склярға жүктелген.

43 жастағы Олжас Бектенов 2023 жылдың сәуір айынан бастап президент әкімшілігінің жетекшісі болған. Еңбек жолын Алматы қалалық әділет басқармасының бас маманы болып бастаған (2002-2006 жылдары). 2016 жылдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде түрлі қызмет атқарған. 2019-2022 жылдары бірінші орынбасары болған. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағалығына бекіткен.

Қаңтар оқиғасы кезіндегі құқық қорғау органдарының әрекеттерін тергеуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсене араласқаны байқалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG