Accessibility links

Бұрынғы дипломаттың кейінгі саяси өмір туралы кітабы: "Сұлтанның өрлеуі мен құлдырауы"


"Взлет и падение султана" ("Сұлтанның шарықтауы мен құлауы"- ред.) кітабының телавторы - Қазыбек Бейсебай. 06 ақпан, 2024 жыл
"Взлет и падение султана" ("Сұлтанның шарықтауы мен құлауы"- ред.) кітабының телавторы - Қазыбек Бейсебай. 06 ақпан, 2024 жыл

Бүгін, 6 ақпанда бұрынғы дипломат Қазыбек Бейсебай Қазақстанның кейінгі 30 жылдағы саяси тарихы мен бұрынғы президентіне қатысы бар "Взлет и падение султана" ("Сұлтанның өрлеуі мен құлдырауы" - Ред.) деп аталатын кітабын жұртшылыққа таныстырды. Кітап тел авторлықпен шыққан, тағы бір авторы - Рыскелді Дәуітбаев.

13 бөлімнен тұратын шағын кітаптың қай баспадан жарық көргені көрсетілмеген. Қазбек Бейсебайдың сөзінше, "баспаға қандай да бір қысым жасалуы мүмкін деген қауіппен кітап жасырын шығарылған".

Оның айтуынша, "кітаптың 99 пайызы нақты мәлімет бойынша жазылған, бірақ бас кейіпкерлерінің аты-жөні біршама өзгертілген".

- Кітапта Қазақстанның кейінгі 30 жылдағы саяси өмірі мен билігі сипатталды. Әр кейіпкердің артында нақты адамдар бар. Қазақстанды басқарған тұлға билікке қалай келіп, қалай басқарғанын баяндауға тырыстық, - деді Қазыбек Бейсебай.

Кітап таныстырылымына келген саясаткер Рысбек Сәрсенбай "өз уағында жарық көрген кітап" деп есептейді.

- Кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілгенімен оқиғасына қарап, шын мәнінде кім екенін оқырман тез-ақ түсінеді. 30 жыл бойы дәріптеліп келген адамның кім екенін әлі күнге ажырата алмайтындар да бар. Сол үшін де осындай кітаптар керек,- дейді Рысбек Сәрсенбай.

Қазақстанның 1990 жылдан кейінгі тарихын баяндайтын кітаптар билік тарапынан көп шыққанымен, балама көзқарастағы кітап сирек жарияланған еді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыни көзқараста жазылған, түрлі жанрдағы кітаптар жарық көре бастағаны байқалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG