Accessibility links

Алматыдағы лай көшкіні: Құтқарушылар төрт адамды іздеп жатыр, екеуі – бала


Медеу ауданында лай көшкіні астында қалған адамдарды құтқару жұмыстары. Алматы, 8 ақпан 2024 жыл.
Медеу ауданында лай көшкіні астында қалған адамдарды құтқару жұмыстары. Алматы, 8 ақпан 2024 жыл.

8 ақпанда түнгі сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы "Тау-Самал" ықшамауданында лай жылжып, екі жеке тұрғын үйді бүлдірген. Үйдің ішінде төрт адам болған, екеуі – бала деп айтылады. Құтқарушылар адамдарды іздестіріп жатыр.

Ақпаратқа қарағанда, суық су жарылып, соның салдарынан лай көшкіні пайда болып, айналаға жылжыған. Жақын аумақтағы тұрғындар эвакуацияланған.

Оқиға орнына барған әкім Ерболат Досаев ақпарат құралдарына бір үйді лай басып қалғанын, онда көршілерінің сөзінше төрт адам тұрғанын айтты. Жанындағы үйді лай жартылай басқан.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, "Қазселденқорғау" қызметкерлері, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі", республикалық жедел-құтқару жасағы және өзге де мамандар істеп жатыр. 200-ге жуық адам, 30 техника жұмылдырылғаны хабарланды.

"Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатып жатыр" деп хабарлады төтенше жағдай департаменті.

8 наурызда қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі өтуі тиіс болған, әкімдік кездесу жұмаға ауыстырылғанын хабарлады.

Әкімдік оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG